07
февраль
2018
Мұғалімдер арасында коучинг өтілді.
Қосақ негізгі мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Абылова М.С. 2018 жылдың 20 қаңтары күні мектеп мұғалімдерімен "Топтық жұмысты арттырудың әдіс-тәсілдері" тақырыбында коучинг өткізді.
Коучинг барысында ұстаздар топтық жұмыс туралы бейнеролик тамашалап, тақырып төңірегінде жұмыстар орындау арқылы топтық жұмысты арттырудың әдіс-тәсілдерімен танысты. Сонымен қатар орындалған сергіту сәттері мұғалімдерге ерекше көңіл-күй сыйлап, сабақ соңында кері байланыстарын ұсынды.