Қосақ негізгі мектебі
Қосақ негізгі мектебінде 2019 жылдың 12 қаңтар күні педагог-ұйымдастырушы Абылова М.С. ұстаздармен "Су - тіршілік көзі" тақырыбында ықшам сабақ үлгісін көрсетті. Ықшам сабақта судың пайдасы, емдік қасиеті туралы мәліметтер қамтылды. Нәтижесінде сабаққа қатысушылар "Сөйлейтін үшбұрыш", "Рейтинг" т.б. әдіс-тәсілдер арқылы тапсырмалар орындай отырып, ықшам сабақтың құрылымымен танысты.