"Шын дос-асыл қазына" тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды
2018 жылдың 15 қараша күні Қосақ негізгі мектебінде 8-9 сынып оқушыларымен "Шын дос-асыл қазына" тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.Дөңгелек үстелдің мақсаты-достық,сыйластық туралы пікірлесе отырып,оқушылар арасында сезім қалыптастыру.Дөңгелек үстелде достық туралы өлең тыңдалып,бейнебаян тамашаланып,оқушылар тақырып төңірегінде өз пікірлерін білдірді.Шараның соңында оқушылар достарына арнап шынайы тілектерін білдірді.